БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында ескерткішті қорлағандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Бірнеше ескерткішті бүлдірген азаматтарға қатысты сот ісі  тәуелсіз медиатордың қатысуымен тоқтатылған,- деп хабарлайды  Махамбет ауданыны сотының  баспасөз қызметі,

соо333

 

Олар «Ер есімі-ел есінде» деп аталатын ҰОС ардагерлерінің құрметіне салынған  монумент пен  1937 жылы репрессияланған кәріс халқының құрметіне салынған ескерткіштерді бүлдірген.  Ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні түнде  Ж Жолғалиев, К.Сариев, О.Отарбаев текті  азаматтар ескерткіштегі жазуларды сырып, жарықтарды сындырған.

Сот келтірілген материалдық залалды есептеп азаматтарға 200 000 теңге көлемінде айыппұл салды.